Ардақтау, аялау, алқату, қастерлеу, ұлықтау

lat: Ardaqtaý, aıalaý, alqatý, qasterleý, úlyqtaý.

Ардақ тұту, сый-құрмет білдіру. Ата-екем мені ардақтап алақандарына салып отыр (С. Мыңжасарова).

Ардақтап аялайық бөріміз де Жүректе махаббаты мол ананы (К. Райбаев).

Сүйгеніңді жоғалтпас Абылаймысың алқатқан (Бүқар жырау).

Жақсының зая қылмай бір ісін де,

Өлгенін, жерленгенін күтіп жүрмей,

Талантты қастерлейік тірісінде (Қ. Мырзалиев).

Ең алдымен Ғабит Мүсіреповті көркемсөздің шебері деп ұлықтаймыз («Қаз. әдеб.»).